Павлодар облысында 2016 жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған жеті адамға бір миллион теңге берілген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтың айтуынша, үкімет тарапынан әкімшілік істер бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш, қылмыстық істер бойынша 40 АЕК, орташа деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 50 АЕК, ауыр деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 70 АЕК, аса ауыр деңгейдегі қылмыстық істер бойынша 100 АЕК көлемінде сыйақы қарастырылған.
"Кейбір адамдар жеке басының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жарияламауды сұрайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамның өтініші бойынша есімін жасырын сақтауға кепілдік беріледі. Әлбетте, бұл хабарламалар тексеріледі. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін сол адамға тиісті сыйқасы ұсынылады", – дейді Денис Шакенов.