2026 жылғы 26 мамырда Астана уақытымен 11:28-де ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 км қашықтықта, Павлодар облысының аумағында орналасқан. Координаттары: 50.47º солтүстік ендік, 76.47º шығыс бойлық. Тереңдігі – 30 км.
Есептік қарқындылық Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауылында 2 балл деңгейінде сезілген.
Іс-қимылдарды үйлестіру және жағдайды бақылау мақсатында Павлодар облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды.
Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.