Павлодар облысында жерасты суының көтерілуінен 500-ге жуық үйді су басты

701

 Судың неден көтерілетінін алматылық мамандар анықтайды.

Павлодар облысында жерасты суының көтерілуінен 500-ге жуық үйді су басты

Толассыз жауған жаңбыр Ертіс өңіріндегі Екінші Павлодар шағын ауданындағы жағдайды ушықтырып жіберді. Салдарынан жерасты суларының деңгейі тағы көтерілді, деп хабарлайды 24.kz.

Көктемде мөлтек ауданда су басқан үйлердің қатары 200-ге жуықтаса, бүгінгі таңда олардың саны 500-ге жеткен. Бас-аяғы 15 көшенің баспанасы судың астында қалып отыр. Күрмеулі мәселені шешу үшін алып қазаншұңқыр салынып жатыр. Себебі қолданыстағы сорғылардың қуаттылығы жетпейді.

Айта кетейік, бүгінгі күні Екінші Павлодар шағын ауданындағы жерасты суларының неліктен көтерілетіні әзірге белгісіз. Мәселенің себебін анықтаумен алматылық мамандар айналыспақ. Олар Павлодар қаласының гидрогеологиялық картасын әзірлеп, бір жыл бойы зерттеу жүргізеді.

"Бұл қазаншұңқырдан бөлек, нөсерлі кәріз және дренаж жүйесі тартылады. Алдағы уақытта сорғы құралдары әкелініп, орнатылады. Бұл су деңгейінің төмендеуіне сеп болуға тиіс. Сонымен қатар қазіргі кезде кәріз жүйесі жобаланып жатыр. Жаңа кәріз жүйесі су басқан 15 көшенің барлығын қамтымақ. Тиісті түзетулер енгізілген соң, жоба мемлекеттік сараптамаға жолданады. Кейін жүйе құрылысы басталады", - дейді қалалық әкімдігі әкімдігі тж және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлім басшысы Қанат Желдібаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу