Павлодар облысында жол-көлік апатынан екі бала зардап шекті

229

Омбы-Майқапшағай автожолында Audi 80 және Toyota Highlander көліктері соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысында жол-көлік апатынан екі бала зардап шекті Фото: bestnews.kz

Апаттан зардап шеккен бір жүргізуші мен екі бала ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысының тас жолында болған жол-көлік апатынан кәмелет жасына толмаған жолаушы зардап шекті. 

"Омбы-Майқапшағай автожолында Audi 80 жеңіл көлігі негізгі жолда келе жатқан Toyota Highlander көлігіне жол бермей, соғылған. Жол апаты салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен қос жасөспірімнің денсаулығына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.

Audi жүргізушісіне қатысты іс қозғалып, материал сотқа бағытталды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу