Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстауға 800 млн теңге бөлінген

1023

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстаумен 14 ұйым айналысады. 

Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстауға 800 млн теңге бөлінген

Бүгінгі таңда ауа райы күрт өзгерген жағдайда әрекет етуге арналған полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен келісілген шаралар жоспары әзірленген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қизат Жақыпов мәлім етті.

"Жергілікті жолдардың ұзындығы 3975 шақырымды құрайды, – дейді Қизат Жақыпов. – Ауа райы қолайсыздық тудырған жағдайда жолдар жабылады. Қыс мезгілінде 23 мердігерлік ұйым мен 374 техника жұмылдырылады. Облыстық жолдарда 9 мердігер жұмыс істейді. 2020 жылға дейін келісімшарт жасалған. 160 техника мен 460 тонна жанар-жағармай дайындалған. Бұдан басқа, автожолдардың жағдайына қатысты кезекшілер мен аудандық және қалалық әкімдіктер ақпарат алмасып тұрады".

Спикердің айтуынша, өңірде қысқы мезгілде жолда тұрып қалған жолаушыларға көмек көрсететін 168 жылыту пункті бар.

Оның 35-і облыстық жолдарда, 133-і аудандық жолдарда орналасқан. Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстаумен 14 ұйым айналысады. Қазіргі таңда бұл жолдарға арналған 214 техника, 56,21 тонна жанар-жағармай материалдары, 5158 тонна көктайғаққа қарсы материал (құм, тұз, шлам) әзірленген.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері мен автокөлік құралдарының иелері арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарына тартылған құзырлы мекемелердің көліктерін тарту жөнінде келісімшарттар жасалған. Шығындардың барлығы мемлекет бюджеті есебінен өтеледі. Келісімшарттарға сәйкес 144 автобус және 87 микроавтобус тартылады. Орындардың жалпы саны - 6212.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу