Павлодар облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

1299

Жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді.

Павлодар облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

Павлодар облысы Шарбақты ауданында теміржол құрамының жүк көлігін соғуынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Шарбақтыдағы жол-көлік оқиғасы 9.20-да болды. Жедел жәрдем үш минутта  – 9.23-те барды", – деп мәлім етті Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Оның айтуынша, теміржол өткелінде жүк көлігі пойызбен соқтығысқан.

"1975 жылы туған Шарбақты тұрғыны зардап шекті. Ол "Шығыс жолдары" ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейді. Диагнозы: көкірек қуысы жарақаты, жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалуы", – деді Эльмира Темірғалиева.

Ол Шарбақты аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу