Павлодар облысында жұқпалы аурулар өршіп тұр

Өңірде барлығы 29 адам қызылшаға шалдықты. 

Павлодар облысында жұқпалы аурулар өршіп тұр Фото: inbusiness.kz

Бүгінде аймақта жұқпалы аурулар дендеп тұр. Облыста қыщылша, ЖРВИ мен тұмауға шалдыққан тұрғындар қатары артуда, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Жыл басынан бері қызылша дертін жұқтыру бойынша 21 дерек тіркелген. Қазіргі уақытта үш бала облыстық инфекциялық ауруханада ем-дом қабылдауда. Олардың жағдайы орташа деңгейде, тұрақты деп бағаланып отыр.

"Қызылша көп жағдайда балалар арасында кездеседі. Сырқатқа шалдыққандардың шамамен 85%-ы екпе алмаған. Әзірше аурудың алдын алудың жалғыз жолы вакцина қабылдау болып отыр. Сондықтан оны уақытылы алған дұрыс",-дейді жұқпалы аурулар ауруханасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Әсел Байғанова. 

ЖРВИ жұқтырғандардың қатары да аз емес. Бүгінде 77,7 мың жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа толмаған 51 мыңға жуық балада аталмыш дерт белгілері байқалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Рахимованың айтуынша, 88,3 млн теңгеге "Гриппол+" екпесінің 90 мың дозасы сатып алынған. Бүгінде 88 мың адам вакцина қабылдады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу