Павлодар ауданы Кемеңгер ауылына жақын жерде "Фольксваген Гольф" көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға "Павлодар-Шарбақты" автожолының 20 шақырымында болған.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", – деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу