Павлодар облысында жыл басталмай жатып бес адам өрттен көз жұмған

1185

Жаңа жылдан бастап Павлодар облысында 18 өрт оқиғасы тіркелген. 

Павлодар облысында жыл басталмай жатып бес адам өрттен көз жұмған

Жаңа жылдан бастап Павлодар облысында 18 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл туралы облыстық ТЖД өрт саласындағы қауіпсіздікті бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы басшысының орынбасары Әлімқан Қайыркелді мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Биылғы жылы сегіз күннің ішінде өрт салдарынан бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты. Бес адам жарақат алды. Ал, 2018 жылы өңірімізде 873 өрт тіркелді. Оқыс оқиғалардан келген материалдық шығын 110 миллион 436 мың теңгені құрады. Өртте 34 адам көз жұмып, 33 адам жарақаттанды", – дейді Әлімқан Қайыркелді.

Әлімқан Қайыркелдінің айтуынша, 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда өрт саны 7 пайызға азайған. Адам өлімі 36 пайызға көбейіп, материалдық шығын 9 пайызға төмендеген.

"Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өткен жылы азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері жергілікті полиция өкілдерімен бірлесіп, облыс аумағындағы тұрғын үй секторының 101 мың 751 ауласын аралады. Нәтижесінде 225 мың 503 адам қамтылды. Аулаларды аралау барысында тұрғындар арасында пеш құралдарын орнату және қолдану барысындағы өрт қауіпсіздігі, электр құралдары мен газбаллон құрылғыларын қолдану ережелері, талаптары түсіндірілді", – дейді ол.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдары мен ПИК өкілдері 24 мың 878 адамды қамтып, 949 жиын өткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу