Павлодар облысында жыл басынан бері өрттен 21 адам көз жұмған

417

10 айда 838 өрт болған.

Павлодар облысында жыл басынан бері өрттен 21 адам көз жұмған

Өңірде жыл басынан бері 838 өрт орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов мәлім етті.

"10 айда 838 өрт болып, өткен жылғыдан 3 пайызға артты. Өрт нәтижесінде 21 адам қаза тапты. 15 адам жарақат алды. Материалдық залал 118 миллион 296 мың теңгені құрады. Ал, тұрғын үй секторында 10 айда 537 өрт болып, 17 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды", - деді Ернұр Өтегенов.

Спикердің айтуынша, 1 қыркүйектен бастап өрт санының азаюына қарамастан, өртте адам өлімінің 3 фактісі орын алған.

Ернұр Өтегенов пештерді пайдалану кезінде адамдардың улы газбен улануы жиілеп кеткенін атап өтті. Қазірдің өзінде бұндай 8 жағдай орын алған.

Сонымен қатар, департаменттің ерекше бақылауында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 2000 отбасы бар. Отбасылар айлық аясында алдын алу жұмыстарымен 100% қамтылған. Бұдан басқа, әлеуметтік осал отбасыларға улы газ шыққанда дабыл беретін 179 құрылғы орнатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу