Павлодар облысындағы 25 ауылда әлі интернет жоқ

856

Мәселе бір-екі жылда шешілуге тиіс. 

Павлодар облысындағы 25 ауылда әлі интернет жоқ

Павлодар облысындағы 355 ауылдың 25-і интернет желісіне мүлде қосылмаған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өңір жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Мысалы, бір ғана Ақтоғай ауданында 18 ауылдың тұрғындары интернетті пайдалануда қиналады. Мен балалық шағымда жиі баратын Басқамыс деген шағын ауылда ғаламтор мүлде жоқ. Қазір мұнда 170 адам тұрады. Сондықтан оны "250+" бағдарламасына қосу мүмкін болмай тұр. Бірақ осы сияқты басқа да шағын ауылдың азаматтары цифрлық қызметтерді пайдалануы тиіс. Сондықтан алдағы бір-екі жыл аралығында Павлодар облысында 250 адамнан аз тұрғыны бар ауылдарға спутниктік ғаламтор желісі тартылады", – деп атап өтті Бағдат Мусин.

Сонымен қатар министр өңірдегі 100 елді мекенде интернеттің сапасы тым төмен, жылдамдығы баяу екенін айтты. Байланыс операторлары бұл мәселені реттеуге тиіс.

Осы орайда министрліктің басшысы интернетпен қамтитын компаниялардың қызметі сапасыз болса, алдағы уақытта оларға 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын ескертті. Таяуда ғана Парламент депутаттары бұл бастаманы қолдады.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу