Павлодар облысындағы ауыл әкімдері қоқыс үшін айыппұл арқалады

8 әкімге 1,7 млн теңге айыппұл салынды. 

Павлодар облысындағы ауыл әкімдері қоқыс үшін айыппұл арқалады Фото: Экология департаменті

Павлодар облысындағы бір ғана Аққулы ауданында қатты қалдықтар жиналған 20-дан астам қоқыс алаңы анықталды. Олардың ешқайсысында қоршаған ортаға эмиссияның рұқсатқағазы жоқ болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Облыстық прокуратура жүргізген тексеріс барысында саладағы осындай былықтың беті ашылды. Құзырлы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, жергілікті билік өкілдері коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптарды орындамаған. 

"Тексеріс барысында экологиялық-санитарлық талаптардың сай болмауы, нормативтік-техникалық құжаттаманың жоқтығы, сүзгілер мен кәріз суы мониторингі жүйесінің реттелмегені анықталды. Заңсыз қалыптасқан полигондар мониторинг жүйесімен де қамтылмаған. Белгілі болғандай, олардың барлығы коммуналдық қалдықтардың бақылаусыз жиналуы салдарынан пайда болған", - делінген прокуратура хабарламасында. 

Тексеріс нәтижесінде мұндай заңсыздыққа жол берген ауданға қарасты 8 ауылдық округ әкімі 1.7 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу