Павлодар облысындағы ауылда 80-ге жуық ұсақ мал қырылды

469

Қойларға жабайы иттер шабуылдаған.

Павлодар облысындағы ауылда 80-ге жуық ұсақ мал қырылды Фото: АгроИнфо

Павлодар облысындағы ауылда 80-нен астам қой қырылды, ұсақ қара малға жабайы иттер шабуылдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында малдардың қырылған видеосы тарады. Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған. 

"29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында ұсақ қара мал, атап айтқанда 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті", дейді Павлодар олыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов.

Оның сөзінше, ветеринариялық станцияның қызметкерлері екі жабайы итті ұстады. Олар 10 күн бақылауда болады. 

"Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құттыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады", деді ол.

Аталған факт бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу