Павлодар облысындағы дала өрті оқшауланды

194

Сағат 14.30-да Баянауылда жалпы ауданы 10 мың гектар дала өрті оқшауланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысындағы дала өрті оқшауланды Фото: ҚР ТЖМ

Сөндіруге Павлодар мен Абай облысынан, Астана қаласынан және ТЖМ 68303 әскери бөлімінің құтқарушылар тобы, орман шаруашылығы қызметтері және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндірушілер қатысты.

Оқшаулауға 239 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Барлығы 64 тонна су төгілді. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу