Павлодар облысындағы қала Абай өңіріне өтті

589

Павлодар облыстық мәслихатында Курчатов аумағын Абай өңірінің юрисдикциясына беру мәселесі қаралды. 

Павлодар облысындағы қала Абай өңіріне өтті Фото: Facebook.com/ovpkurch

Бұл ұсынысты Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов білдірді, деп жазады Inbusiness.kz pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Ол жаңа құрылған Абай облысының ШҚО сегіз ауданынан және Семей қаласынан құрылғанын еске салды. Оның құрамына Павлодар облысының шетінде болған, бірақ іс жүзінде ШҚО-ға бағынатын Курчатов та кірді.

“Шаһардың жалпы ауданы 11 мың гектарды құрайды. Курчатовтан облыстық бюджетке салық түспейді, олар қала бюджетінде қалады. Мұндай шешім Павлодар және Абай облыстарының шекараларын сәйкестендіруге мүмкіндік береді”, - деп атап өтті Мұрат Хамитов.

Ақпаратқа сәйкес, депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу