Павлодар облысындағы мектеп директоры 15 тәулікке қамауға алынды

361

Ол мас күйінде көлік тізгіндеген. 

Павлодар облысындағы мектеп директоры 15 тәулікке қамауға алынды Фото: freepik.com

Павлодар облысындағы мектеп директоры 15 тәулікке қамауға алынды. Ер адам өзінің кінәсін мойындамаған, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға осы жылдың 15 қыркүйегінде болған. Әкімшілік іс қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды.

Құқық бұзушы сот отырысында өз кінәсін мойындамады. Алайда оның келтірген дәлелдері сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және бейнежазбамен жоққа шығарылды.

Мектеп директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1 тармағымен кінәлі деп танылды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот қаулысы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу