Павлодар облысындағы мемлекеттік мекемелерде 150 жұмыс орны бос тұр

2436

Әсіресе ауылдық жерлердегі әкімдіктерде маман аз.

Павлодар облысындағы мемлекеттік мекемелерде 150 жұмыс орны бос тұр

Павлодар облысындағы мемлекеттік қызмет саласында оңтайландыру жүргізіліп жатқанмен, кейбір әкімдіктерде керісінше маман тапшы, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық әкімдік жанынан құрылған персоналды басқару қызметінің хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдарда 36, аудандар мен қалалардағы мемлекеттік орындарда 112 вакансия бар. Ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік бос орындарға конкурс жарияланып, күніне кем дегенде екеуі өткеніне қарамастан, тапшылық жойылмай тұр.

"Кандидат Конституцияны, салалық заңнамаларды, мемлекеттік қызметші әдебін білуі тиіс. Тиісті тесттерден өткені туралы қорытынды мен бұған дейін сотталмағаны туралы анықтаманы да ұсынуы шарт", – дейді бірыңғай қызмет жетекшісі Наталья Нефедова.

Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 180 мың теңгеден басталады. Тәжірибесі мен біліктілігіне байланысты бұл сома артып отырады. Мемлекеттік қызметтегі бір жұмыс орнына 3-9 адам "таласады".

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу