Тереңкөл ауданында қамыстан салынған үйден өрт шығып, төбесі жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Барлығы 64 шаршы метр аумақ отқа оранды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілер үш жасар қызды құтқарып қалды. Оның бетін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы бірқалыпты.
Өкінішке қарай, екі адам оқиға орнында жан тапсырды. Бірі 1958 жылғы ер адам болса, екіншісі - 2016 жылы туған ұл бала.
Қызыл жалын ТЖД қызметкерлерінің көмегімен ауыздықталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу