Павлодар облысындағы тасжолда 15 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді

111

Төтенше жағдай Қалқаман кентіне жақын маңда болған.  

Павлодар облысындағы тасжолда 15 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді Фото: gov.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жүк көлігі мен ағаш тіркемеден бір мезетте өрт шыққан. Ішінде 15 бас жылқы болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімшелері қызыл жалынды жедел ауыздықтап, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында адамдар да, жануарлар да зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар техникалық ақау немесе қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілер мен тасымалдаушыларды жол үстіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Тексеру нәтижесі алдағы уақытта жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу