Павлодар облысында өрт кезінде күйеуі әйелі мен 3 баласын құтқарып, өзі көз жұмды

Ол өзінің отбасын құтқарып үлгерді.  

Павлодар облысында өрт кезінде күйеуі әйелі мен 3 баласын құтқарып, өзі көз жұмды Фото: pxhere.com

Бүгін таңертең төтенше жағдайлар қызметіне аудан орталығындағы баспаналардың бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ағаш шатыр құрылымдары түгелдей отқа оранған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бұған дейін Павлодар облысындағы шаруа қожалығы отқа оранып, 6 адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Енді Треңкөл ауданында қайғылы жайт орын алғаны белгілі болды. 

Оқыс оқиға орнынан 1982 жылғы ер адам ес-түссіз күйде шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Ол өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін әйелі мен 3 баласын терезеден шығарып үлгерген екен. Өкінішке қарай, өзі ауруханада көз жұмды. 

Ал мамандар 100 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтап, толығымен сөндірді. Оқыс оқиғаның себептері анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу