Павлодар облысының әкімі болған Болат Бақауовтың ісі бойынша үкім күшін жойды

326

Мемлекет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірілмеді.

Павлодар облысының әкімі болған Болат Бақауовтың ісі бойынша үкім күшін жойды Фото: instagram/bbakauov

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісі бойынша үкім күшін жойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметте, Павлодар облысы прокурорының орынбасары сотқа жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты Павлодар облысының бұрынғы әкіміне қатысты іс бойынша өндірісті қайта бастау туралы өтінішхатымен жүгінген.

"Павлодардың №2 сотының 2020 жылғы 27 мамырдағы үкімімен бұрынғы Павлодар облысының әкімі ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3) тармағы бойынша қосымша есептелген салықтарды азайту мақсатында лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеушісінің 2022 жылғы 22 қазандағы қаулысымен сот үкімін шығарғаннан кейін мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салықты қате қосымша есептеуі бойынша сараптама қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ЖШС-нің салықты төлемеуі туралы іс тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Тергеушінің істі тоқтатуына байланысты Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2023 жылғы 10 мамырда заңсыз деп танылып, қосымша салықты есептеу туралы хабарламаның күші жойылды.

Осылайша, мемлекет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірілмеді.

Бұл мән-жай сотқа үкім шығару кезінде белгісіз болған.

"Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты сот прокурордың өтінішімен келісіп, ҚПК 505-бабының негізінде сот үкімінің күшін жойды. Қылмыстық іс әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу