Павлодар облысының әкімі мен Қытай өкілдері өзара меморандумға қол қойды

863

Павлодар облысының әкімі мен Қытай өкілдері өзара меморандумға қол қойды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Гуйчжоу провинциясының халық өкілдері Кеңесінің провинциялық комитетінің бірінші орынбасары Сунь Юнчунь өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ресми кездесу барысында аймақ басшысы Қытай Азиялық елдердің арасындағы Павлодар облысының негізгі сауда әріптесі екендігін тілге тиек етіп, екі арадағы сауда айналымы өткен жылы 4 есеге өскенін айтты. - Біздің облысымыздан Қытайға мыс рудасы, концентраттар, мұнай коксы, күнбағыс тұқымдары мен басқа да ауыл шаруашылық өнімдері экспортқа шығарылады, - деді Болат Бақауов.

"Біздің кәсіпорындар қытайлық өндірушілерден құрал-жабдықтар мен шикізаттың біраз түрін сатып алады. Біздің аймағымызда қытайлықтармен бірлескен бес кәсіпорын бар. Провинцияның бірінші орынбасары Гуйчжоу туралы қысқаша сөз қозғады. Оның айтуынша, Гуйчжоу өзінің даму деңгейі бойынша Қытайда екінші орын алады. Бұдан бөлек, провинция ҚХР-ғы аса ірі шай және минералды су өндіруші болып табылады. Гуйчжоу экологиялық саябақ ретінде туристер арасында аса танымал.

"Біздің делегация инвестицияларды тарту агенттігінде болып, сіздердің инвестициялық мүмкіндіктеріңіз туралы ақпарат алды, - деді Сунь Юнчунь. – Біздің өңірлер өзара әрекеттесе алады деп ойлаймын. Сіздің облыстарыңыз ресурстарға аса бай, электр энергиясы арзан, жаңа көлік магистральдері бар, халықтың білім деңгейі жоғары өлке. Сонымен бірге, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық базасы жақсы дамыған. Тараптар өазар әрекеттестік туралы ниеттерін меморандуға қол қою арқылы нақтылады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу