Павлодар облысының әкімі неге ренжіді

1566

Әкімнің ренішіне жақында ғана экологиялық акция аясында мыңдаған павлодарлық қоқыстан тазартқан аумақтың көп өтпей-ақ, қайта қалдыққа толғаны себеп болыпты.

Павлодар облысының әкімі неге ренжіді

Неге біреулер табиғатты аялап, өзінен соң қоқысты жинап жүрсе, өзгелер қара басын ғана ойлайды? Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов instagram парақшасында осылай деп жазып, кейбіреулердің табиғатқа деген немқұрайлылығына қынжылысын білдірді.

"Мына суреттерді мен бүгін таңертең Усолка өзенінің жағалауында түсіріп алдым. Суқоймада демалушылар өздерінен кейін пластик және шыны бөтелкелерді, пакеттер мен тамақ қалдықтарын қалдырып кеткен. Олар өздерінің қоқыстарын жинап, жақын маңдағы урнаға жеткізуге ерінген. Өзіміздің табиғат пен біреудің еңбегін бағаламаған адамдардың әрекеті мені қатты қынжылтты. Неге біреулер табиғатты аялап, өзінен соң қоқысты жинап жүрсе, өзгелер қара басын ғана ойлайды? Бізден кейін келер ұрпақ өмір сүретін туған жерге, туған өңірге, сүйікті атамекенге деген көзқарасты өзгертетін уақыт келген шығар?",– деп жазды әкім.

Еске сала кетсек, Павлодар тұрғындары #Birge#TazaQazaqstan акциясының шеңберінде Усолка шағын ауданының, Ертіс өзені арнасының, "Қаз қонақ" палеонтологиялық ескерткішінің аумағын және басқа демалыс орындарын 1300 тонна қоқыстан тазартқан. Әкім осы еңбектің еш болғанына өкінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу