Павлодар облысының әкімі Железин ауданын аралады

523

Асайын Байханов тауарлы сүт фермасының, ауыл мектебі, қазандық пен жылу желілерінің жағдайымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Павлодар облысының әкімі Железин ауданын аралады Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Пахарь ШҚ" ЖШС-нің  тауарлы сүт фермасы өз жұмысын 2018 жылы бастаған. Қазір өндірістің жобалық қуаттылығы тәулігіне 7,8 тонна сүтті құрайды. Сондай-ақ, фермада картоп, көкөністер, шалғын шөп және басқа да ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі. Басшылықтың жаңа жобаларды енгізу арқылы кәсіпорын қызметін кеңейту жоспары бар.  

Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимовтың айтуынша, ауылда жаңа мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі таңда Моисеев мектебінің жаңа ғимаратының құрылысына өз қаражатын салуға дайын инвестор бар. Жоба кеңейтуді қажет етеді, кейін мемлекет дайын нысанды сатып ала алады.

"Ауылдарымызды жаңа мектептермен, ауруханалармен және басқа да әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету, оларды дамыту және абаттандыру – жергілікті атқарушы органдар жұмысының басым бағыты. Мемлекет тарапынан бұл жұмыс бір жылдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан мұны тезірек және сапалы орындауға мүмкіндік беретін жобалар сынақтан өткізіліп,  оң нәтиже берген жағдайда кеңінен іске асырылуы тиіс", – деді Асайын Байханов.

Бұдан кейін өңір басшысы Железин ауылындағы жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысымен танысты, онда 5 қазандық 68 нысанды, 445 жеке меншік үйді, 204 пәтерді орталық жылумен қамтамасыз етеді.

Жақын арада аудан орталығында 266,5 млн теңге сомасына жылу желісі мен құрылыстарды жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ, облыс әкімі ауданның ауылдық округтерінің әкімдерімен жұмыс кеңесін өткізіп, халықпен жұмыс істеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу