Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Алтай өңіріне келді

868

Павлодар облысының әкімі  жұмыс сапарымен Алтай өңіріне келді

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Алтай өңірінің губернаторы Александр Карлинмен кездесіп, бірқатар ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорындарды аралайды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

Жұмыс сапары 11, 12-сәуірге дейін жоспарланған. Ресми кездесу барысында екі өңір басшылары 2018-2019 жылдарға арналған аймақаралық жоспарларға қол қояды. Кейін павлодарлық делегация металл өнімдерін дайындайтын "Сибэнергомаш - БКЗ", ауыл шаруашылық техникасын әзірлейтін "АгроЦентр" және өсімдік майы шығарылатын "Юг Сибири" кәсіпорындарына барады. Сонымен қатар, Алтай өңірінің орта және шағын кәсіпкерікті дамыту қорына бару жоспарланған. Екі жақтың өкілдері өзара кәсіпкерлік, инвестиция, орта және шағын бизнес, туризм жайында сөз қозғайды.

Алтай өңірінде Болат Бақауов жергілікті қазақ диаспорасымен кездеседі. Бұдан бөлек аймақ басшысы "Авальман" тау-шаңғы базасының жұмысымен танысады. Сапар кезінде павлодларлық делегация алтайлық әріптестерімен агроөнеркәсіп, химиялық және көлік жасау кешендері бойынша өзара жүзеге асыратын жобаларды талқылайды. Сондай-ақ, "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері ресейлік әріптестердің назарына ұсынылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу