Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Башқұртстанға барды

734

Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Башқұртстанға барды

Болат Бақауов Уфа қаласына екі күндік жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Башқұртстан Республикасында өңір басшысы бірнеше ірі өндірістік және мұнай-газ кәсіпорнын аралайды. Мұндай зауыттардың ішінде "Башнефть" мотор құрылысы өндірістік бірлестігі мен "УфаОргСинтез" ЖАҚ бар. Сонымен қатар, агроөндірістік және өндірістік кәсіпорындардың басшылары енген павлодарлық делегацияға "Уфимский" индустриалдық паркі таныстырылады. Бұдан басқа, Павлодар облысының әкімі Уфада 22-25 мамыр аралығында өтетін "Газ. Мұнай. Технология" көрме-форумына, павлодарлық делегация форумның пленарлық бір бөліміне қатысады.

Еске сала кетейік, Челябіде 2017 жылдың қарашасында өткен шекаралас ынтымақтастық қазақстандық-ресейлік форум кезінде қос өңірдің басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу