Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Түмен облысына барды

1029

Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Түмен облысына барды

Павлодар қаласының делегациясын бастаған облыс әкімі Болат Бақауов 4-5 сәуір күндері Түмен облысында болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Түмен облысы экономикасының ерекшелігі бұл – дамыған мұнай өңдеу және мұнай-химиялық сала, көмір мен темір рудасының кен орны, агроөндірістік кешен. Түменде осы бағытта ынтымақтастық келешегін анықтау мақсатында екі өңір басшысы мен бизнес өкілдерінің кездесуі өтеді.

Павлодарлық делегация жетекші өнеркәсіп нысандары  - Антипин мұнай өндіру зауыты мен "Электросталь Тюмени" металлургиялық зауытын аралайды. Агроөндірістік кешеннің ішінен павлодарлықтар "Түмен сүт фермасы" мен "Юбилейный" агрохолдингінде болады. Бұдан кейін екі облыстың әкімдері Болат Бақауов  және Владимир Якушевтың  ресми кездесуі өтеді. Түмен-Қазақстан іскери достығын дамытуға әрекеттестік орталығында Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономының басшысы Есенғали Ыбыраевпен кездесу өтеді.  Ғылым саласындағы жаңа жобалармен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері  Түмен мемлекеттік университеті, мұнай-химия университеті, биотехнология және ветеринарлық медицина институтындағы әріптестерімен  кездеседі.  

Павлодар облысының туристік әлеуеті таныстырылады.  Түмен тұрғындарын Баянауыл тауларын көруге және қымыз ішуге, Павлодар облысында денсаулығын нығайтуға, Шалдай  қарағайлы орманында жылқымен қыдыруға  шақырады.  Сонымен қатар ресейлік әріптестерге әрі қарай  "Павлодар" арнайы экономикалық аумағында өңіраралық ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру және сүт өнімдері мен бидай өңдеу ұсынылады.

Айта кетейік, РФ Павлодар облысының басты сауда серіктесі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу