Павлодар облысының Астанаға сыйлаған әр орындығы - 1,2 миллион теңге

623

Сыйланған 39 смарт орындық Қытайда жасалған екен.

Павлодар облысының Астанаға сыйлаған әр орындығы - 1,2  миллион теңге

Астананың сол жағалауындағы жаңа веложолдардың бойында 39 смарт орындық орнатылды, деп хабарлайды elorda.info.

Бұл орындықтар Астананың 20 жылдығына Павлодар облысының жасаған сыйы.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде атап өткендей, орындықтардың смартфондарға блютуз арқылы қосылу және динамика арқылы музыка тындау қызметі бар. Сондай-ақ телефонды сымсыз және USB порт арқылы қуаттауға болады. Орындықтар электр қуатын оған орнатылған күн батареялары арқылы алады.

Ең бастысы - бұл орындықтар велосипедтер үшін тұрақ қызметін де атқара алады. Смарт орындықтардың жаңа веложолдардың маңайына орнатылған себебі де сол.

Белгілі болғандай, ақылды орындықтар Қытайда жасалған, оның біреуінің бағасы 1,2  млн теңге. Әр орындықтың үш жылға дейін кепілдік мерзімі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу