Павлодар облысының билігі қаңтар оқиғасынан қандай сабақ алғанын айтты

472

Наразылықтардан соң өңірде іс-қимыл бағдарламасы дайындалды. 

Павлодар облысының билігі қаңтар оқиғасынан қандай сабақ алғанын айтты Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысының тұрғындарымен бірлесе әзірленген бағдарламада барлығы 10 бағыт пен 97 шара бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында баяндады. 

"Біз 5 қаңтардағы оқиғадан үлкен сабақ алдық. Қаңтардағы оқиғалар баршамызды дана халқымыздың бұрынғы құндылықтары – бірлікке және бірлесіп шешім қабылдауға бағыттады. Кең талқылау мен көпшіліктің дауысы өте маңызды екеніне көзіміз жетті.  Сондықтан біз ескі жоспарларымызды артқа тастап, жаңа бағдарламаға ұсыныстар қабылдай бастадық. Ақсақалдар, жастар, митингке қатысушылар және басқа да азаматтар өз пікірлерін білдіріп, біз олардың ұсыныстарына барынша ашық болуға тырыстық", – деді Әбілқайыр Сқақов. 

Осылайша, тек бір аптаның өзінде біз 2,5 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың 60%-ға жуығы жұмыспен қамту және жастар мәселелеріне қатысты болды. Келіп түскен ұсыныстарды мұқият талдап, стратегиялық сессия өткізген соң іс-қимыл бағдарламасы дайыналды. 

"Олардың қатарында оқып-жұмыс істемейтін 5 мың жасты тұрақты жұмыспен қамту, 12 мың оқушының бос уақытын тиімді қамту сияқты бағыттар бар. Мәселен, 1 мамырдан бастап өңірдегі үш қаланың барлық оқушылары қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Сондай-ақ, ыстық тамақпен қамтуға бөлінетін қаржы 1,8 есеге өсіп, 4 млрд теңгеге дейін жетті", – деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. 

Сонымен қатар аталмыш бағдарламада алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту сынды бағыттар бар. 

Құндыз Қабылденова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу