Павлодар облысының білім басқармасы барабан жинап жатыр

1135

Павлодар облысының білім басқармасы барабан жинап жатыр

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 1-маусым күні еліміздің барлық өңірінде балалар және жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруі өтеді. Осыған орай облыстық білім беру басқармасы облыс тұрғындарын барабан жинауға көмектесуге шақырып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Біздің өтінішімізге құлақ асып, көмек көрсетем деген тұрғындар болса, барабандарды М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайына әкеліп берулеріңізге болады. Біз барабанның қандай түрі болса да қуана қабылдаймыз. Мәселен, екі жақтысын немесе біржақтысын, ескісін де жаңасын да қабылдай береміз. Тұрғындардың бұл сыйлығы біздің талантты оқушыларымыз үшін маңызды. Олар шеруде осы аспаптарда ойнайтын болады", – дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов.

Аталмыш шеруге 45 балалар және жастар музыкалық ансамблі, облыстағы көптеген оқу орын ұжымдарынан 4500 оқушы қатысады. Мерекелік шеруде үрмелі аспаптар оркестрі, қазақ және орыс халқының ішекті аспаптар ансамблі, сондай-ақ, би және хор ұжымдары болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу