Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы оқ жарақатымен ауруханаға түсті

1076

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы оқ жарақатымен ауруханаға түсті

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов абайсызда сол жақ иығынан аңшы қаруынан оқ жарақатын алды, деп мәлім етті "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, жазатайым оқиға жексенбі күні "аңшылықтан соң, қаруды көлікке салып жатқан кезде орын алған".
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп атап өтті полиция.
Дегенмен агенттікке аймақтың денсаулық сақтау саласындағы дереккөздің айтуынша, Н.Қасымов ауруханада жатыр, оған ота жасалмаған, денсаулығы қалыпты деп бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу