Павлодар облысының егіс алқабы 161 мың гектарға ұлғайтылады

1499

Павлодар облысының егіс алқабы 161 мың гектарға ұлғайтылады

Ертіс өңірінде былтыр егістік алқабы 1 млн 260 мың гектарды құраса, биыл қосымша 161 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы агенттікке облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің бас маманы Байболат Рахимжанов мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Егін алқаптарын арттыру мәселесі облыс басшылығымен қарастырылуда, - деді Байболат Рахымжанов. – Дәнді дақылдарды 83 мың гектарға, майлы дақылдар 12 мың гектарға, мал азығы 65 мың гектарға ұлғаймақ".

Бас маманның айтуынша, биылғы жылы жалпы көлемде дәнді дақылдар 768 мың га, майлы дақылдар 210 мың га, мал азығы 415 мың га, картоп 17685 га, көкеніс 6916 га және бақша дақылдары 2832 га жерге егу жоспарлануда.

Айта кетелік, биыл егін науқанында өңірімізде 1 млн 421 мың гектарға тұқым себілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу