Павлодар облысының экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды

974

Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.  

Павлодар облысының экология департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысында экология департаментінің басшысы қызметіне Ілияс Шойбекұлы Құрамысов тағайындалды, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ұжымға жаңа басшыны Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы З. Жолдасов таныстырды.

Ілияс Құрамысов 1984 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, экономист. Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының маманы болып бастаған. 2005-2020 жылдары Сарыағаш ауданы прокурорының көмекшісі, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі, ҚР Бас прокурорының көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасы Аппаратының басшысы, "Самұрық-Энерго" АҚ "Первая ветровая электрическая станция" ЖШС бас директоры, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарды. ОҚО әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, ОҚО кейіннен Түркістан облысында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу