Павлодар облысының экономикалық әлеуеті артып келеді

1792

Павлодар облысының экономикалық әлеуеті артып келеді

Павлодар облысының статистика департаменті 2017 жылғы қаңтар-маусымдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын жасады.

Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан. 

Соңғы жылдарда облыста барлық салаларда ілгерілеу байқалады.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша 2017 жылғы қаңтар-наурыздағы Павлодар облысының өндірілген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 491,5 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 105,6% құрады (2017 жылғы қаңтар-наурыз 2016 жылғы қаңтар-наурызға). Облыстың республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы 4,7% құрады.
Өнеркәсіптің ЖӨӨ-дегі үлесі 49,3% (242,3 млрд. теңге), көлік және қоймалаудың үлесі – 12,4% (60,8 млрд. теңге), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеудің үлесі – 7,2% (35,6 млрд. теңге) құрады. 2017 жылғы қаңтар-наурыздағы облыста халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ шамасы 649,7 мың теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу