Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов жол-көлік апатына түсті

1175

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов жол-көлік апатына түсті

2020 жылдың мамыр айында қызметін асыра пайдаланғаны үшін үш жарым жылға бас бостандығы шектелген Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқиға кеше сағат 19.00 шамасында Павлодар-Қызылорда бағытындағы республикалық жолдың бойында болған.

"Lexus LX 470" маркалы көлігінің 44 жасар жүргізушісі Бәйет ауылының маңында жол жүру қауіпсіздігін сақтамастан әрі көлік құралына жол берместен 45 жасар тұрғын тізгіндеген "Lexus LX 570" көлігімен қақтығысты. Соның салдарынан "Lexus LX 570" бағытын өзгертіп, "ГАЗель"-ге соғылды. "ГАЗель" маркалы көліктің 33 жасар жүргізушісі дәрігерлер көмегіне жүгінді", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, "Lexus LX 570" көлігінде жолаушы ретінде аймақтың бұрынғы басшысы Болат Бақауов отырған.

Айта кетейік, бас бостандығы шектелген экс-әкім бұған дейін екі рет жазасын жеңілдету жөнінде сотқа арыз түсірді. Алғашқысын өзі қайтарып алса, екіншісін сот қанағаттандырған жоқ. Ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызмет саласында еңбек ету құқығынан айырылған.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу