Павлодар облысының кейбір станцияларында жолаушыларды отырғызуға, түсіруге рұқсат етілді

1297

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайт арқылы алуға болады.

Павлодар облысының кейбір станцияларында жолаушыларды отырғызуға, түсіруге рұқсат етілді

Павлодар облысының кейбір станцияларында жолаушыларды отырғызуға/түсіруге рұқсат етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚТЖ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2021 жылғы 17 қараша сағат 00:00-ден бастап Павлодар облысының станцияларында/станцияларынан келесідей пойыздарға:

1. №31/32 "Алматы-2-Павлодар" Ақсу-1, Көктөбе ст./станциясынан;

2. №673/674 "Павлодар-Нұр-Сұлтан-1" Жолқұдық, Спутник, Тасқұдық, Қалқаман, Қарасор, Майқайың, Шідерті ст./станциясынан; 

3. №339/340 "Павлодар-Пресногорьковская" Жолқұдық, Тасқұдық, Қалқаман, Қарасор, Майқайың, Шідерті ст./станциясынан;

4. №353/354 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Семей" Шідерті, Майқайың, Қалқаман, Спутник, Жолқұдық, Бастау, Ақсу-1, Қорқол, Көктөбе, жұмыскер, Май ст/станцияларынан;

5. №117/118 "Қызылорда-Павлодар" Қалқаман және Шідерті станцияларында/станцияларынан теміржол билеттерін сатуға және жолаушыларды отырғызуға/түсіруге рұқсат етілгенін хабарлады.

Сондай-ақ 2021 жылғы 12 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Павлодар облысының Шідерті, Майқайың, Қалқаман, Спутник, Жолқұдық, Бастау, Ақсу-1, Қорқөл, Көктөбе, Жұмыскер, Май станцияларында № 37/38 "Маңғыстау-Семей" жолаушылар пойызы үшін теміржол билеттерін сату және жолаушыларды отырғызу/түсіру ашылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу