Павлодар облысының омарташылары астаналықтарға 10 тонна бал дайындады

868

Павлодар облысының омарташылары астаналықтарға 10 тонна бал дайындады

Павлодарлық омарташылар Астанада өтіп жатқан екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 10 тонна бал әкелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Елордада омарташылар кооперативінің 20 мүшесі өз өнімін таныстырды. Олардың ішінде ірі бал өндірушілермен қатар, ұсақ омарташылар да бар. Ертіс ауданының тұрғыны Александр Дацко Астанаға 500 келі қарақұмық түрін жеткізген. Ол осыған ұқсас жәрмеңкеге осымен төртінші рет қатысып отыр және астаналықтардың арасында тұрақты клиенттері де бар.

"Бұл жолы Астанаға деликатес әкелдік, - дейді омарташы. - Оның құрамында адам ағзасына пайдасы зор тозаң, ара желімі бар. Егер де оны шайнайтын болсаңыз, тыныс алу жолдары тазарады".

Павлодарлық балдың бір келісін Астанада өтіп жатқан жәрмеңкеден 1200 теңгеге сатып алуға болады, бал сауыты - 2000 теңге. Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 19-20 тамыз күндері екі тәулік өтеді. Жәрмеңке Қажымұқан көшесі, 9 мекенжайы бойындағы "Қазақстан" спорт кешенінің автокөлік қоятын орнында ұйымдастырылуда.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу