Павлодар облысының өндірушілері елордаға 2 мың тонна көкөніс жеткізеді

780

Өткен аптада ел орталығына Ертіс өңірінен ауылшаруашылық өнімдері бар алғашқы керуен жеткізілген болатын.

Павлодар облысының өндірушілері елордаға 2 мың тонна көкөніс жеткізеді

Астанаға мемлекет басшысының өңіраралық кооперацияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Павлодар облысының өндірушілері 2 мың тонна көкөніс өнімдерін жеткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

"Сауда орындары тегін ұсынылады. Қала нарығын толық қамту үшін бұл мәселені базарлар және дүкендер желілерімен қарастырамыз. Жаңа жыл алдындағы бағаны реттеу үшін қияр мен қызанақтар коммуналдық базарда сатылады. Қияр мен қызанақты "Шапағат" базарынан 10% үстемемен сатып алуға болады", – делінген хабарламада.

Өткен аптада ел орталығына Ертіс өңірінен ауылшаруашылық өнімдері бар алғашқы керуен жеткізілген болатын. Қазіргі уақытта өнімдер екі бөлшек сауда орындары – "Шапағат" және "Үлкен Шанхай" базарларында сатылуда.

Елорданың тұрақтандыру қорында шамамен 1300 тонна өнім бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу