Павлодар облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,2 трлн теңгені құрады

945

Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінің үлесі 60%-дан асты. 

Павлодар облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,2 трлн теңгені құрады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мемлекет басшысының Жолдауы аясында өңірдің дамуы мен еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде қолжеткізілген маңызды жетістіктері жайлы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биылғы жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,2 трлн теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 60%-дан асып, өңір шикізаттық емес өндіріс көлемі бойынша республика деңгейінде 3-орынға тұрақтады. Бүгінде облыстың шикізаттық емес экспорты республикалық көлемде әрбір сегізіншісі АҚШ долларын құрайды. Жалпы 2025 жылға дейін 2 трлн теңгеден астам сомаға 186 инвестициялық жобаны іске асыру өңірдің экспорттық әлеуетін тағы 28%-ға арттыруға ықпал ететін болады", – деді облыс басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу