Павлодар облысының прокуратурасы ашық есік күнін ұйымдастырады

855

Павлодар облысының прокуратурасы ашық есік күнін ұйымдастырады

Павлодар облысы прокуратурасының табиғатты қорғау прокуратурасы ашық есік күнін ұйымдастырады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Өткізілетін орны, уақыты: 2017 жылы 7-маусым күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында (Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21) және 2017 жылы 14-маусым күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Екібастұз қаласы әкімдігінің ғимаратында (М.Жүсіп көшесі, 45).

Іс-шараға экология, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануралар әлемі саласындағы уәкілетті органдар да қатысады. Аймақ тұрғындары белгілі бір экологиялық нормаларды бұзуға, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласында мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне қатысты фактілермен бөлісіп, сауалдарын қоя алады. Жеке қабылдау алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу