Павлодар облысының шаруалары сегіз мың тонна минералды тыңайтқыштарға тапсырыс берді

1017

Павлодар облысының шаруалары сегіз мың тонна минералды тыңайтқыштарға тапсырыс берді

Павлодар облысындағы агроөнеркәсіп кешендері көктемгі егіс жұмыстарына сегіз мың тонна минералды тыңайтқыштарға тапсырыс берген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы және мехнизация бөлімінің басшысы Байболат Рахымжанов агенттік тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

"Павлодар облысының шаруалары биыл сегіз мың тонна минералды тыңайтқыштар қолдану үшін тапсырыс берді. Оның бес мың тоннасын жергілікті "Қазфосфат" және "ҚазАзот" зауыттарынан алады. Алғашқысы аммофос тыңайтқышының бір тоннасын 125 мың теңгеге сатса, соңғысы аммиак селитрасы деп аталатын тыңайтқыштың тоннасы 68 мың теңгемен босатады. Ал, қалған үш тоннасын Ресейден және басқа да шет мемлекеттерден алдырады. Минералды тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған қаражаттың 50 пайызын мемлекет төлейді. Биыл минералды тыңайтқыштар алған шаруаларға субсидия беру үшін облыстық бюджеттен 450 млн теңге бөлінген", – дейді Байболат Рахымжанов.

Мамандардың айтуынша, аммофосты көп шаруалар дәнді-дақылдардың сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында пайдаланса, аммиак селитрасы суармалы алқаптарды құнарландыру үшін қолданылады. Бұл – топырақты қышқылдандыратын, ұнтақ немесе түйіршік түрінде шығарылатын негізгі азоттық тыңайтқыш.

Айта кету керек,былтыр облыс шаруалары 7600 тонны минералды тыңайтқыш алған. Оның 3200 тоннасы шетелдік және 4400 тоннасы отандық зауыттардың өнімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу