Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 60 пайызға өскен

1157

Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 60 пайызға өскен

Павлодар облысында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сыртқы сауда айналымы 60%-ға өсіп, 1 551 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасының басшысы Тілектес Түсетаев мәлім етті,  деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Өткен 2016 жылда сыртқы сауда айналымы 970 миллион АҚШ доллары көлемінде болған. Оның 80 пайызы - экспорт, қалған.20 пайызы – импорт. Облыстың мемлекеттік кірістер органдары 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында кедендік әкімшілендіру және мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтарды түсіру бойынша біраз жұмыстар атқарды. Кедендік төлемдер бойынша бюджетке түсімдер жоспары 100,3 пайызды құрап, болжам бойынша 5 658,5 миллион теңгенің орнына (5 738,0 млн. теңге) 79,5 миллион теңгеге асыра орындалды", - дейді Тілектес Түсетаев.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, есеп беру кезеңінде облыс бойынша импорт 308 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен (2016 Павлодар облысында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сыртқы сауда айналымы 60%-ға өсіп, 1 551 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасының басшысы Тілектес Түсетаев мәлім етті.

"Өткен 2016 жылда сыртқы сауда айналымы 970 миллион АҚШ доллары көлемінде болған. Оның 80 пайызы - экспорт, қалған жылдың бірінші жартыжылдығында 355 млн АҚШ долларын құраған) салыстырғанда 13%-ға азайған.  Экспорт деңгейі өткен жылмен салыстырғанда (2016 жылдың бірінші жартыжылдығында - 613 миллион АҚШ долларын құраған) екі есе артып, 1 240 миллион АҚШ долларына жеткен.

"Павлодар облысы өнеркәсіптік аймақ болып саналғандықтан, импорттың негізгі үлесі бойынша келесі тауар түрлеріне басымдық беріледі. Бұл - құрал-жабдықтар мен механикалық құрылғылар, Ақсу ферроқорытпа зауыты алатын электродты қоспа мен кокс. Эспортталатын өнімдерге "KSP Steel", "Қазақстан Алюминийі", "Павлодар мұнай-химия зауыты" кәсіпорындары шығаратын металл бұйымдары мен алюминий, сұйылтылған газ жатады. Жалпы, біздің өңірдегі бірнеше фирма  тауық етін Америкадан, сиыр етін Польшадан, құрал-жабдықтарды Еуропа мен Қытайдан сатып алады. Былтыр Шарбақты ауданының  "Абай"  шаруа қожалығы Біріккен араб әмірліктеріне алғаш рет сиыр етін жеткізген болатын", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу