Павлодар өңіріндегі ауруханалардың қарызы күннен-күнге артып отыр - сенатор

459

Оған медициналық ұйымдардың толық қаржыландырылмай отырғаны себеп болған. 

Павлодар өңіріндегі ауруханалардың қарызы күннен-күнге артып отыр - сенатор Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Сенат депутаты Елнұр Әйткенов депутаттық сауалында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Сенатор бұл мәселенің Денсаулық сақтау министрлігінің араласуынсыз шешілмейтінін атап өтті.

Оның сөзінше, стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардағы мамандардың еңбекақы қорының орташа өсімі 21 пайыздан 25 пайызға дейін болса, базалық тариф орта есеппен 11,4%-ға ғана артты. 

"2023 жылға арналған қаржыландыруды талдау бөлінген қаражаттың жылдық жалақының 100 пайызына жететінін көрсетті. Басқа шығындар, мысалы, коммуналдық төлемдер, байланыс қызметтері, басқа сатып алулар мен қызметтер жеткіліксіз қаржыландырылған. Сонымен қатар, өткен жылдан бастап Павлодар облысында халыққа стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін нақты көрсетілген медициналық қызметтерді жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты күрделі жағдай қалыптасып отыр", - деді сенатор.

Салдарынан биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 2 млрд 825,5 млн теңгені құрады, деп атап өтті ол.

Елнұр Әйткенов  ДСМ-ге жыл сайынғы жалақының өсуін, коммуналдық төлемдердің, азық-түліктің, дәрі-дәрмектің, басқа да қызметтердің инфляциясын ескеріп, тарифтерді қайта қарауды ұсынып отыр. Бұдан басқа жалақысы аз өңірлерге түзету коэффициенттерін қолдануды қарастыру қажеттігін де айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу