Павлодар өңіріне Ресейден 312 бас ірі қара жеткізілді

1590

 312 бас ангус тұқымды ірі қара Брянск облысынан Амангелді ауылына әкелінді.

Павлодар өңіріне Ресейден 312 бас ірі қара жеткізілді

Ертіс ауданына қарасты Амангелді аулына Ресейдің Брянск облысынан 312 бас ангус тұқымды ірі қара жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, жергілікті "Олжас" шаруа қожалығының басшысы Асан Сапарғалиев асыл тұқымды сиырларды "Сыбаға" бағдарламасы арқылы сатып алған.

"2018 жылы "Сыбаға" бағдарламасы бойынша "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" АҚ арқылы 70 миллион теңге несие берілді. Бұл қаражатқа 112 бас ангус сатып алынды. Биыл "Агронесиелендіру корпорациясы" АҚ-дан 150 миллион теңге несие алып, оған 200 бас асыл тұқымды мал сатып алдық. Міне, өткен аптада барлық 312 бас ірі қара мал Брянск облысынан Амангелді ауылына келіп жетті",– дейді Асан Сапарғалиев.

Ірі қара малдың аталған тұқымы өңірдің климатына жақсы бейімделген. Сиырлар -40 пен +40 градус аралығындағы ауа-райына шыдайды.

Айта кетейік, "Олжас" ШҚ Ертіс ауданында 2017 жылдан жұмыс істейді. Шаруашылықтың егістік көлемі 3000 гектардан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу