Павлодар прокурорлары жарты миллиард теңге салықтан жалтарған кәсіпорынды анықтады

630

Жіксіз болат құбырларын өндіруші "KSP Steel" ЖШС ПФ қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемді төмен ставкамен жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар прокурорлары жарты миллиард теңге салықтан жалтарған кәсіпорынды анықтады Фото: canva.com

"Кәсіпорын қауіпті қалдықтардың тоннасы үшін 1 АЕК орнына 0,038 АЕК мөлшерлемесін қолданған. Бұл арқылы 113 мың тонна қожды орналастырғаныүшін 567,2 млн орнына 9,7 млн ғана төленді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорынға 557,5 млн қосымша есептеді. Ал онымен ЖШС келіспеген және фискалдық органның актісіне соттарға шағымданды", - деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

2024 жылғы 30 қаңтарда Жоғарғы Сот облыс прокуратурасының кассациялық өтінішхатын қанағаттандырып, жоғарыда көрсетілген сомаларды бюджетке өтеу туралы шешімді күшінде қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу