Павлодар-Семей учаскесі жүк көліктері үшін ақылы болады

893

"Нұрлы Жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес биыл Шығыс Қазақстан облысында "РФ шекарасы (Омбы) - Майқапшағай" автожолының Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі учаскеде (587-733 шақырым) ақылы жүйе іске қосылады. Бұл туралы inbusiness.kz  "QazAvtoJol" баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар-Семей учаскесі жүк көліктері үшін ақылы болады Фото: inbusiness.kz

Павлодар – Семей учаскесі ІІ техникалық санаттағы автожол болғандықтан, тек жүк көліктерден ғана төлем алынатын болады.

Ақылы учаске бойынша жол ақысын екінші деңгейдегі банктер (Каспи,   хоумбанк және т.б. сияқты интернет-банкинг қосымшаларын қоса санағанда), төлем терминалдары (Qiwi, woopay), сондай-ақ Кселл, Актив, Билайн мобильді байланыс операторларымен SSID код жіберу  арқылы төлеуге болады. Жалпы автокөліктің жеке шотын толтырудың 20-дан астам тәсілі бар. Толық ақпарат qaj.kz сайтында жарияланған.

Сондай-ақ, жүргізушілер мен жолаушылардың қолайлығы үшін "КАЖ Мобайл" мобильдік қосымшасы бар. Бүгінде, бұл қосымша арқылы жеке шоттағы қаражатты, жүріп өткен жол туралы ақпаратты білуге болады. Кері байланыс та бар.

Алдағы уақытта А пунктінен Б пунктіне дейінгі маршрутты есептеу (ұзындығы мен бағасы), жол бойындағы барлық сервис нысандары көрсетілген интерактивті карта мен PUSH хабарландырулар да іске қосылады.

Ақылы учаскеге қатысты барлық мәселелер бойынша пайдалы ақпарат беру үшін Семей қаласының шығаберісінде клиенттермен жұмыс істеу орталығы іске қосылады. Сондай-ақ, 1403 нөміріндегі байланыс орталығына да хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу