Павлодар тасжолында автобусы бұзылған өзбекстандықтарға көмек берілді

795

Өзбекстан азаматтары жылы ғимаратқа жайғастырылып, ыстық тамақ берілді. Автобус жөнделгенше қажетті жағдай жасалды. 

Павлодар тасжолында автобусы бұзылған өзбекстандықтарға көмек берілді

Кеше14:09-де Павлодар тасжолында, Қалқаман ауылынан 30 шақырым жерде жолаушылар мінген "Van Hool" маркалы автобус бұзылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Автобуста Өзбекстан Республикасының 55 азаматы болған, оның екеуі  бала. Көлік Ташкенттен Красноярға бет алған болатын.

Тез арада Ақсу қаласының әкімдігі төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, автокөлік жолаушыларын Спутник стансасының мектебіне жеткізді. Сол жерде жолаушыларға тиісті көмек көрсетілді. Өзбекстан азаматтары жылы ғимаратқа жайғастырылып, ыстық тамақ берілді. Автобус жөнделгенше өмір сүруге қажетті барлық жағдай жасалды. Ешкімге медициналық көмек керек болған жоқ. Автобус жөндеу үшін Павлодар қаласына жеткізілді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу