Павлодар тұрғындары жуырда ашылған жаңа көпірге үйренісе алмай жатыр

904

Павлодар тұрғындары жуырда ашылған жаңа көпірге үйренісе алмай жатыр

Павлодар мен Ақсу арасында қатынаушылар  жуырда ғана ашылған Орта Азиядағы алып көпірден гөрі, бұрынғы ескі көпірмен жүргенді жөн санайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Ақсу-Павлодар" бағытындағы автобустар жаңа көпірмен тестілік режиммен, яғни, бір-бір сағатпен қатынайды. Орташа есеппен 6-10 адам жинауы керек. Егер оған толмаса автобус бұрынғы бағытпен кетеді. Қазіргі таңда күндізгі уақытта көп адам жаңа көпірмен жүргісі келмейді. Барлығы бұрынғы бағыттағы автобустарға мінеді. Өйткені көбі жаңа көпірді көріп, тамашалады. Енді оларға қызықты болмай қалды. Бұрынғы бағытпен жүруді тиімді санайды. Бағдаршамы мен жолдағы кептелістерді есептегенде,  Ақсуға 45 минутта жетуге болады. Ал, жаңа бағытпен келетін болса, Кутузов көшесінің бойынан 13 бағдаршамнан және 26 жаяу жүргінші жолынан өтіп, 55 минутта жетеді, - дейді "Зейін" ЖШС директоры Болат Мұсабеков айтып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу