Павлодар тұрғыны бұрынғы сүйіктісін тонап кетті

359

Келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеден асқан. 

Павлодар тұрғыны бұрынғы сүйіктісін тонап кетті Фото: freepik

Әйел адамның үйінен жоғалған заттардың жалпы құны 1 млн теңгеден асқан. Сүйіктісі ол бұйымдарды ломбардқа тапсырып үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодарлық тәртіп сақшылары ұрлық жасады деген күдікпен 50 жастағы ер азаматты ұстады. Ол бұған дейін пәтерінде бірге тұрған әйелдің үйіне жасырын кіріп, қымбат заттарын олжалап кеткен.

- Ер адам бұрын әйелдің пәтерінде бірге тұрған, қалтасында қосымша кілті болған. Пәтер иесінің жұмысқа кеткенін пайдаланып, үйді өз кілтімен ашып кірген. Сөйтіп күзен ішікті, қос жұп алтын сырғаны және шотланд вискиін ұрлап кеткен. Ішік пен алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп жіберген. Келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеден асып отыр, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күдіктіге қатысты сотқа дейін тергеу шаралары басталды. Ешқайда шықпау туралы қолхат алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полиция күдіктінің осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу