Павлодар тұрғыны Instagram-да қаруды жарнамалаған

413

 Күдіктіден Стечкин пневматикалық тапаншасы тәркіленді.

Павлодар тұрғыны Instagram-да қаруды жарнамалаған Фото: google.com

Павлодар облысының полицейлері Instagram-да қаруды "жарнамалаған" ер адамды анықтады, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, 2 маусымда әлеуметтік желілерді тексеру кезінде белгісіз ер адамның атыс қаруын "жарнамалап" отырған видеосы анықталған.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол Павлодар қаласының бұрын сотталған 33 жастағы тұрғыны болып шықты, одан Стечкин пневматикалық тапаншасы тәркіленді. Сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу